Мектеппен байланыс

11 сәуір күні ФК-13-3р тобында болған «Мектеп психологынің ата-аналармен жұмыс жасауы» пәні бойынша практикалық сабағына Шымкент қаласындағы № 1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясының педагог-психологтары Полонец.Н.В.,Абуова М.А. шақырылды. Сабақты «Психология және дефектология» кафедрасының оқытушысы А.Сарипбекова жүргізді. Педагог-психологтар мектептегі психологиялық қызмет, психологтардың ата-аналармен, педагогтармен және оқушылармен жұмысы туралы мазмұнды презентациялармен бейнероликтерді көрсетіп ұсынды, психологтардың жұмыс ерекшеліктерін әңгімеледі. Сұхбат барысында мектептегі сенім телефоны, мектеп психологынің құжаттамалары, психологтардың түрлі ұйымдармен байланысы, адамдардың аутодеструктивті мінез-құлықтарының себеп-салдарлары және т.б. туралы өздерін қызықтарған тақырыптар аясында сауалдар қойып жауаптар алуға мүмкіндік алды. Аталған кездесудің мақсаты мектептегі психологтардың жұмысы туралы студенттердің білімін шыңдау, сондай-ақ мектеппен байланысты нығайтуды арттыру болды.