Әлем чемпионатында Жанбота Алдабергенова шаңғы акробатикасы бойынша екінші орын иесі болды.

13-ақпан сенбі күні Мәскеу қаласында фристайл бойынша  FIS әлем кубогы өтті. Ең әсерлі қысқы спорт түрлерінің бірі- шаңғы акробатикасында-  спортшылар ұшудың ең қиын элементтерін жасап, тұғырға дейін бірнеше метр көтеріледі. Және осылайша, ол есептелген секундтарда барлық төңкерістерді орындап, сондай-ақ жерге жайлы түсу қажет, бұл қанша дегенмен оңай шаруа емес. Кез келген дұрыс емес қозғалыспен асыл ұпайды жоғалтұға болады.

Шымкенттік спорт шебері Жанбота Алдабергенова екінші орын иесі болды. Ресейлік шаңғы акробатшысы Алина Гридневадан бар жоғы екі ұпай ғана қалып қойды.

Шаңғы акробатикасында қатысу үшін астанаға ең мықты фристайлшылар Австралиядан, Белоруссиядан, Қазақстан, Канада, ҚХР, АҚШ, Швейцария, Украина және Ұлыбритания елдерінен келіп қатысты. Барлығы 11 елден 58 спортшы сынға түсті.

Сонымен бірінші орын- Алина Гриднева (Ресей) – 77,43.

Екінші орын Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) – 75,91.

Үшінші орын Мэдисон Олсен (АҚШ) – 75,69.

Жанбота Алдабергенова М.Әуезов атындағы ОҚМУ –нің «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің 2-курс студенті. Айта кеткен жөн,  Жанбота үшін бұл маусым сәтті болды, себебі спортшы өткен Европа кубоктарында жоғары деңгейлерге жетіп, өзінің басты мақсаты – олимпиада медалына сеніммен алға қадам басуда.