Әлем чемпионатына іріктеу.

Маусым айының 14-16 жұлдызы аралығында спорттың карате-до түрінен "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің студенті Үсенова Гульмира Сантьяго (Чили) қаласында өтетін әлем чемпионатына іріктеуде 1-орын алып, жеңіске жетті. Іріктеу "Kazakhstan Open" 10 елден келген спортшылар арасында өтті. Гульмираның 1-ші қарсыласы өзбек елінен болып, 5-0 есебімен, 2-ші қарсылас Қазақстан (Орал қаласы)нан болып, 3-0 есебімен және финалда Гонк-конг қаласынан келген қарсыласын 4-1 есебімен жеңді.

Алдағы әлем чемпионатында жеңіс тілейміз, Гульмира!