Күш атасы - Қажымұқан

7.04.2016 жылы «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің аға тәлімгері Г.Малгайдарованың ұйымдастыруымен жас спортшылар Шалхар Айқынбай және Зәуірбек Сұлтан, жаттықтырушы, сондай ақ, топ тәлімгерлерімен А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып «Күш атасы - Қажымұқан» атты Қ.Мұңайтпасовтың 145 жылдық мерейтойына орай  студенттермен кездесу өтті.

Кеш қонақтары: Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионның күзет басқармасының бастығы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ПОҚ., және кітапхана қызметкерлері. 

Мақсаты: Жас спортшыларды балуан атамыздың күш жігерін, жетістіктерін меңгерте білу және Қажымұқанның өмір тарихы жолынан хабардар етіп тәрбиелеу болып табылды.