Құралбай Ермек ұлттық спорт түрлерінен жеңімпаз атанды!

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, "Дене тәрбиесі және спорт" факультеті, ФК-18-1к1 тобының студенті Құралбай Ермек 60 кг салмақ дәрежесінде аударыспақтан ҚР-ның ХІІІ чемпионатында  1-орын алды. Чемпионат жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен Жаңақорған ауданында (Қызылорда) ұйымдастырылды.

Жеңіс құтты болсын, алдағы уақытта биік белестерден көріне бер Ермек!