ҚР чемпионатында ФК-15-1к4 тобының студенті Абдигаппар Жұлдыз 3-орынға ие болды.

2016-жылдың мамыр айының 2-5 жұлдызы аралығында Ақтөбе қаласында жүзу бойынша ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында «Дене тәрбиесі және спорт» факультеті ФК-15-1к4 тобының студенті Абдигаппар Жұлдыз 3-орынға ие болып спорт шебері атанды. Жарысқа Ресей, Белоруссия, Өзбекстан сияқты елдерден 450 спортшылар қатысты.