Көшбасшылар үштігінде

2016 жылдың мамыр айында аккредитация және рейтингтің Тәуелсіз агенттігі (НААР) «Казахстанская правда» газетінің 18.05.16 ж. басылымында Рейтинг-2016 жарияланды. Бұл жерде бакалавриат-магистратура-докторантураның білімдік бағдарламасын ранжирлаудағы көшбасшылардың үштігі сонымен бірге Топ-50 ЖОО үздік оқытушылары мен мамандарды даярлаудың бағыттары бойынша бас рейтингі көрсетілген. Көшбасшылар үштігіне білім беру бағдарламасының сапасы бойынша пс.ғ.д., профессор Г.Лекерованың меңгерушілігіндегі «Психология және дефектология» кафедрасының 5В010500 – «Дефектология» мамандығы енгізілген. Рейтинг нәтижелері аталған мамандық бойынша білім беру бағдарламасының жоғары деңгейін көрсетті. Біз кафедра оқытушыларын, студенттерді, ата-аналарды осындай жарқын жеңіспен құттықтай отырып білім беру бағдарламасының сапасын жоғарлатудаңы міндеттерді шешуде әрі қарай да табыстарға жете беруге тілек білдіреміз!