Көптілдік тәрбие

Жазғы демалыста Сиань Транспорт Университетінің (Қытай, Сиань қ.) ұйымдастыруымен «Жібек Жолы басындағы ежелгі Сиань қаласында білім алу» бағдарламасы өтті. Университеттің тілдік бағдарламасына «Психология және дефектология» кафедрасының ФК-14-3р тобының студенті Мақұлбек Алтынай белсене қатысты. Аталған бағдарлама Қытайдың үздік университеттерінің бірінде қытай тілін үйренуге, ежелгі қытай мәдениетін терең білуге, әлемнің әр түкпірінен келген жаңа достармен танысуға мүмкіндік берді. Мақұлбек Алтынай оқуды сәтті өткізіп арнайы сертификатқа ие болды.

Академиялық ұтқырлық аясында ФК-13-3к1 тобының студенті Кәрімбердиева Алмагүл Лодзь Университетінде (Польша, Лодзь қ.) сәтті білім алды. Білім беру Еуропаның алдыңғы қатарлы оқытушылардың қатысуымен гуманитарлық ғылым аясында жүргізілді. Білім беру кең түрдегі мәдени бағдарлама мен Еуропа бойынша  саяхатпен бірге ерекшеленді.