Қоғамның өзекті мәселесі

12 қараша күні Шымкент қаласында «Ардагер» қоғамдық бірлестіктің президенті, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі, Age Net халықаралық желісінің мүшесі,  Help Age international халықаралық басқарма мүшесі Б.Т.Ахметжанованың жетекшілігімен үлкен жастағы адамдардың әлеуметтік-психологиялық мәселелеріне арналған «Қарт адамдардың азаматтық белсенділігін дамыту жөніндегі жұмыс істеу қабілеті» атты тренинг ұйымдастырылды. Тренингке «Психология және дефектология» кафедрасының аға оқытушысы Г.Т.Айтжанова белсене қатысып сертификатқа ие болды.