Қазақстандық спорт шебері, «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің студенті Жанбота Алдабергенова Европа кубогында жеңіске қол жеткізді

Қазақстандық спорт шебері, «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің студенті Жанбота Алдабергенова Европа кубогында жеңіске қол жеткізді.

2016-жылдың қаңтар айының 30-жұлдызында Жанбота Алдабергенова Минск қаласында болып өткен фристайл  шаңғы акробатикасы бойынша Европа кубогын жеңіп алды.

Қазақстандық спорт шебері Жанбота Алдабергенова Ресей және Белорус елінен келген қарсыластарын жеңіп, жүлделі бас орынға ие болды. Екінші орынды Белорус елінен келген Кристина Спиридонова, ал үшінші орынды – тағыда бір Белорусиялық спортшы Анна Рослик алды.

Фристайл, шаңғы акробатикасы. Европа Кубогы. Минск (Белорус).

1. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) — 156,92

2. Кристина Спиридонова (Ресей) — 156,24

3. Анна Рослик (Беларус) — 133,62

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің 2-курс студенті Жанбота Алдабергенова —Олимпиада-2014 жеңімпазы, Әлем Чемпионаты 2015 жеңіспазы.