«Қазақстан тарихы» кафедрасы

   

►Профессор-оқытушылар құрамы

«Қазақстан тарихы» кафедрасының  тарихы мен  жетістіктері

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жалпы университеттік  «Қазақстан  тарихы» кафедрасы өз тарихын 1943 жылы қаланған  Құрылыс материалдары институтынан (кейін ҚазХТИ, қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚМУ) бастау алады. Ол кезде кафедра қоғамдық пәндерді оқытатын «Марксизм-ленинизм негіздері» кафедрасы деп аталып, 1980 жылға дейін жұмыс істеді. Сонан соң кафедра қоғамда қалыптасқан жағдайларға байланысты атын бірнеше рет өзгертті. Кафедра «кеңестік қоғамда Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы жетекші роль атқаратындығы» туралы КСРО Конституциясының 6 - бабына сәйкес 1980-1989 жылдары  «КОКП тарихы» кафедрасы, КОКП-ның дағдарысқа ұшырауымен 1989-1991 жылдары «ХХ ғасырдың саяси тарихы» кафедрасы деп аталды.

 Кеңестер Одағының ыдырауы және Қазақстанның тәуелсіздік алуы тарих ғылымына да түбірлі өзгерістер алып келді. Осыған байланысты 1992  жылдан бастап Қазақтың төл тарихын жастар санасына сіңіру мақсатында  кафедра «Қазақстан тарихы» кафедрасы деп аталып, тарихи санасы қалыптасқан, отаншыл, мемлекетшіл жастарды даярлайтын лабораторияға айналды.

Кафедраның қалыптасып, аяғынан тік тұрып кетуіне Е.М.Гольцман, А.Сүлейменов, П.И. Малышев,  Ш.А. Абубакирова  сынды ғалымдар үлкен еңбек сіңірді.

1983-1995 жылдары кафедраны тарих ғалымдарының докторы, профессор Атауов Сақтап Атауұлы, 1995 – 2004 жылдары тарих ғылымдарының докторы, профессор Әлібек Сейдехан Нұрмаханұлы,   2004-2007 жылдары тарих ғылымдарының докторы Ауанасова Алима Мүсірқызы, 2008-2014 оқу жылдары тарих ғылымдарының докторы, доцент Сапарбаев Бақыт Қойшыбайұлы басқарды.     

2014 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі болып тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Карибаев Сәрсебай Өскенұлы басқарып келеді.   

Бүгінгі күні кафедрада профессор-оқытушылар құрамы - 27. Оның ішінде 11 тарих ғылымының кандидаты,  12 магистр, 1 оқытушы және 1 PhD докторы қызмет атқарады. Атап айтсақ, тарих ғылымдарының кандидаттары - С.Карибаев, С.Садықұлова, Ж.Белгібай, Ж. Жолдыбаев, Ж. Мулдахметова, С. Жүнісбаев, Г. Тілеуқұлов,  Л. Рсымбетова, Е.Абдухайымов, С. Қосанбаев.

Аға оқытушылар және магистрлер – А.Мукашева, Н.Тажимуханова, Ш. Сембиева және оқытушылар Б.Сапарбекова, А.Байжанова, М.Ниязбекова, Э.Мырзакулова, Г.Капбарова, А.Джалилов, Г.Ахай, А.Талман, М. Айтимбаев, Е. Амирхан, Н. Баймахан, Г. Кабланова, З. Сенгирбаева. Ал Г. Батырбеккызы PhD докторы ғылыми дәрежесіне ие.

Кафедра университеттің барлық факультеттерінің 1 – 2 курс бакалавриатында «Қазақстан тарихы», «Елбасытану», «Қоғамдық сананың жаңғыруы»  пәндері бойынша оқу үдерісін  қамтамасыз етеді. Кафедра қызметінде басты орынды оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және  тәрбие жұмыстары алады.

Ғылыми бағыттары

Профессор-оқытушылар құрамы  мемлекеттік бюджеттік  ҒЗЖ жоспары  бойынша Б – 11-08-04 «Қазақстан: кеше, бүгін және  болашағы» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Осы бағытта  кафедраның профессор-оқытушылар  құрамы  оқу-әдістемелік   құралдар, нұсқаулар, кейстер  дайындап жариялады  және  ғылыми мақалалар мен  импакт-фактор  бойынша   мақалалар  жариялайды. Кафедра қызметкерлері «Мәдени мұра» стратегиялық Ұлттық жоба аясында жұмыс жүргізуде, қкафедрадағы студенттердің   мүшелігі   мен «Туған өлке» үйрмесі  жұмыс  істеуде.

Ғылыми жұмыс

Кафедра «Қазақстанның бүгіні, ертеңі және болашағы» атты мемлекеттік бюджеттік тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді (Ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуындағы өзекті мәселелерін меңгеру).

Қазақстан тарихының өзекті   мәселелеріне қатысты ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіледі: әлеуметтік-экономикалық, өнеркәсіптік даму тарихының мәселелері бойынша т.ғ.к., Жолдыбаев Ж.Т., Қазақстанның ұлт-азаттық қозғалыстары және ұлттық интеллигенция мәселесі бойынша т.ғ.к., доцент Садыкулова С.С., т.ғ.к; Ұлт мәселесі, дін және этносаралық қатынас, ағарту саласындағы мәселелері бойынша т.ғ.к., доцент Карибаев С.Ө., т.ғ.к., Мулдахметова Ж. И., т.ғ.к., Жүнісбаев С.М., т.ғ.к., Белгібай Ж.К.

Профессор-оқытушылар құрамы   «Оңтүстік Қазақстан облысының жастары арасында этникалық бірегейліктің дамуын зерттеу» (жоба жетекшісі т.ғ.к., доцент Карибаев С.) және «Оңтүстік Қазақстан облысының полиэтникалық  ауылдық  аудандарындағы өзара іс-қимыл факторларын зерттеу және тұрғындардың ішкі бірлігін нығайту үлгілерін жасау» (жоба жетекшісі т.ғ.к., доцент Жүнісбаев С.)  тақырыбында екі  гранттық қаржыландыру ғылыми жобасын жеңіп алып, зерттеу жұмыстарын  жүргізді.

Кафедра профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жұмыстары мен мақалалары отандық басылымдарда, шетелдік ғылыми басылымдарда, сонымен қатар халықаралық және республикалық конференциялардың ғылыми еңбектерінің жинақтарында жариялануда.    Кафедраның профессор-оқытушы құрамы зерттеу жұмыстарының нәтижелерін импакт-факторлы журналдарда жариялады. Атап айтқанда, Мулдахметова Ж.И.,Сапарбекова Б. Приложение к журналу Современные проблемы науки и образования .Статья: «О роли ассамблеи народа Казахстана в современной истории страны». Секция  исторические  науки  публикации за 2015 г., С.И.Айкозов, Э.О.Орынтаева Приложение к журналу Современные проблемы науки и образования. Статья: «On the methodology agricultural development of the republic of Kazakhstan».Секция  исторические  науки публикации за 2015 г.,С.И.Айкозов Приложение к журналу Современные проблемы науки и образования.Статья: «Методология  исследования  истории  социально-экономического  развития  РК рыночном отношении».Секция исторические науки.публикации за 2015 г.,Ж.Қ.Белгибай, Ж.И.Мулдахметова  «Technology  of formation histori» Lif Science Journal 2014, Мулдахметова Ж.И.Technoloqy of formation of pedaqoqical hiqh shool students ethnic tolerance by means of teachinq history.Life Science Jornal 2014, Карибаев С.Ө.  «Из истории возникновения  этнокультурных  центров  в ОКО»  Современные проблемы гуманитарных и естественных наук. Москва 24-25 декабрь 2014 ж., Қабыл А.Ә. Проблема взаимодействия музея и школы. «Te Second International conference on development of history of art and cultorology in Eurasia».Proceedings of the Conference ( January 30, 2015). «East West» Association for Advanced Studies and Higher Education GmbH. Vienna. 2015. 50 Р. (Международная конференция по развитию дисциплин искусствоведения и культурологии в Евразии. Австрия, г. Вена. 30 января 2015 г.), Мулдахметова Ж.И., Сапарбекова Б.Р., Ториева А. «Изучение историографии проблем современной истории Республики Казахстан в новейшей истории» Современные проблемы науки и  образования 2017, г. Москва, Россия, Джунусбаев С.М., Савин И.С., Байтуреева К.А. «О межэтническом  взаимодействии  в сельских сообществах Юга  Казахстана»,   Современные проблемы науки и образования №6, 2017, приложение «Философские науки» С.16-18 г.Москва, Россия, Мулдахметова Ж.И., Сапарбекова Б.Р., Байжанова А.А. «Развитие историографии межнациональных отношений в Казахстане в период «перестройки». ХХ МНПК «Россия и Европа: связь культуры и экономики». Прага,Чехия, 2 .03. 2018 г., Батырбекқызы Г., Жамелов Б.А.,  Джалилов А.М. «Ұлы Жібек жолы бойындағы Отырар қаласы» Актуальные научные исследования в современном  мире. Выпуск 11 (43). Часть 4. Переяслав- Хмельницкий, ноябрь 2018 г., Жамелов Б.А., Джалилов А.М., Батырбекқызы Г. «Рәміз» тұжырымдамасының бастауы және жануарлар символизмнің рәміздік (символдық) белгісі» Актуальные научные исследования в современном мире. Выпуск 11 (43). Часть 4. –  Переяслав-Хмельницкий, ноябрь 2018 г.

Кафедра  оқытушыларының жетістіктері

 «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы  стратегиялық  жоспарға  сай кафедра  құрамы  ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Тақырыбы: Б.11-08-04 «Қазақстан: кеше,бүгін және болашағы».

Кафедрада 2 ғылыми жоба жұмысын жалғастыруда. Олар: 

1. Оңтүстік Қазақстан облысындағы  жастар арасындағы этникалық бірігейлікті зерттеу. Жоба жетекшісі: т.ғ.к., доцент Карибаев С.У. (қаржыландыру 2015 ж – 3063000 тенге, 2016 – 2451000т., 2017- 2241000т. )

2. Оңтүстік Қазақстан облысы көп этникалық ауылдық аймақтарындағы өзара әрекет факторларын зерттеу және халықтың ішкі бірлігін нығайтудың моделін жасау. Жоба жетекшісі: т.ғ.к., доцент Джунусбаев С.М. (қаржыландыру 2015 ж – 3063000 тенге, 2016 – 2451000 т., 2017- 2241000т. )