Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы

«Психология және дефектология» кафедрасы оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік плакаттар көрмесі өткізіліп, студенттердің шығармашылық қабілеттері мен патриотизмді қалыптастыру мақсатында ашық тәлімгерлік сағаттар жүргізілді. Аталған мерекеге байланысты барлық іс-шараларға Дене тәрбиесі және спорт факультетінің деканы п.ғ.д., профессор А.А.Жолдасбеков, сонымен бірге факультет оқытушылары мен студенттер қатысты.