Қайырымдылық акциясы өтті

16 қыркүйек күні « Психология және дефектология» кафедрасының оқытушылары мен студенттері факультет белсенділері ұйымдастырған қайырымдылық акциясына қолдау білдірді. Студент жастардың адамгершілік және мейірімділік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған бұл қайырымдылық шарасы жәрмеңке түрінде өтті және жинақталған қаржы балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қарттар үйіндегі адамдарға көмек ретінде жіберіледі.