Кафедра тарихы

   «Жалпы психология» кафедрасы 2007 жылы ашылған. Кафедра жалпы қызмет көрсетуші кафедра болып табылады. «Психология», «Психология және адам дамуы», «Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістік негізі», «Өзін-өзі тану» пәндері оқытылады.

   Кафедрада  18 ОПҚ жұмыс жасайды. Оның ішінде: 2- PhD докторы, 4- ғылым кандидаттары, 10 – аға оқытушылар, 2 – оқытушы. ҚР Білім саласының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері және жетекшілері республикалық біліктілікті арттыру институтында кафедраның ОПҚ біліктілікті арттыру курсынан өтті: Әуелова Қ.Е., Нұржігітов А.С., Абдраманова Н.Ш., Бүркітбаева Д.Б. Оқытушылар  Жандабаева И.С. және Қалходжаева А.М. Португалияда Лиссабон қаласы, «Isel» университетінде курстан өтті.

 

«Жалпы психология» кафедрасының оқытушылары

 

Шетелде біліктілікті арттыру Португалия (Лиссабон) ISEL University

   Кафедрада 6М050300 «Психология» мамандығы бойынша магистранттар даярланады. Кафедрада жетекші психология ғылымының докторлары және кандидаттары сабақ береді. Кафедрада ЖОО психологияны оқытудың негізгі ерекщеліктері теориялық білім мен практикалық дағдының тығыз байланысуында. Кафедраны бітірген психолог тек қана теориялық білім алумен шектелмейді, сонымен қатар психологиялық кеңестер, психологиялық тренингтер, адам өмірің түрлі салаларында психотерапевтикалық көмек көрсетуге, психологиялық диагностика және түзету жұмыстарын жүргізуге дайын болады.
        Магистранттар Ресей, Германия және басқа да шет елдердің ЖОО жыл сайын шетелдік тағлымдамадан өтеді.

Жыл сайын 6М050300 «Психология» мамандығы бойынша жоғары білікті, бүгінгі қоғамға сай жоғары дәрежелі мамандықтарды дайындап келеді.

 

Кафедраның магистранттарының шетелдік тәжірибелері, Түркия, Бішкек. Балыкесир университеті.