Кафедра тарихы

   Психология кафедрасы 1991 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институтында құрылған. Кафедраның негізгі мақсаты барлық бағыттағы мамандықтар бойынша 1-2 курс студенттеріне психология пәнін оқыту болып табылды.
   1993 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институтында «Практикалық психолог» мамандығы ашылды. Осы жылдан бастап кафедра 050103-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша кадрларды дайындауды жүзеге асыра бастады. 2005 жылдан бастап кафедра 050105-«Дефектология» мамандығы бойынша студенттерді және сонымен қатар 050103-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистрлерді дайындады.
   Университеттердің қайта ұйымдастырылу және үш университет базасының бірігу кезеңінде Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің негізінде психология кафедрасы 1997 жылы қайта ашылды.
   2013 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраға пс.ғ.к., профессор Лекерова Гүлсім Жанабергенқызы  меңгерушілік жасауда.
   Кафедраның профессор оқытушылар құрамы. Кафедрада 25 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде – 1 психология ғылымының докторы, профессор, 6 педагогика ғылымдарының кандидаты, 17 педагогика және психология магистрлері жұмыс жасайды.

5В010500- «Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша 1 - орын.

5В010300- «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша 2 - орын.