Кафедра тарихы

«Дене тәрбиесі спорт ілімі мен әдістемесі» кафедрасы 1966 жылы құрылды.   Кафедраның бірінші меңгерушісі болып аға оқытушы Д.В.Денчик 1973 жылға дейін жұмыс істеді. 1973-1980 жылдары кафедра меңгерушісі жұмысын аға оқытушы М.М.Федосов атқарды.
Кафедрада  М.Б.Сапарбаев, Б.К.Алибаев, В.М.Лесогор, Л.М.Таранущенко, Ю.Р.Ирисметов, ЛюК.Кострица, И.А.Юзкаев және т.б. жұмыс істеді.
1980 – 2011 жылдары  кафедраны п.ғ.к., доцент Тлеулов Э.Д. басқарды.
2011ж. қарашадан 2013ж. тамызға дейін кафедраны п.ғ.к., доцент Садирмекова Ж.Б. басқарды.

2013 ж. қыркүйектен кафедраны п.ғ.к., доцент м.а. Балабеков А.Т. басқаруда.

«Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығы 1995 жылы «Дене тәрбиесі ілімі мен әдісі» кафедрасының құрамында ашылды.

Осы кафедраның алғашқы кафедра менгерушісі болып п.ғ.к. доцент Тлеулов Э.Ж. бекітілді. Кафедра құрамында аға оқытушылар полковник Азаров Е.И. подполковник Нуртаев О.М. капитан Ахметов Н.У. оқытушылар Нуримов Б.К. жұмыс атқарды. Кафеддраның алғашқы түлектері Республикалық және облыстық  жоғары оқу орындары арасында аталған мамандық бойынша арнайы конкруста жүлделі орынға ие болды..2002 жылы кафедра өз алдына «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы болып құрылды. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент Мұхамеджаров Т.К тағайындалды. Сол жылы кафедраның аға оқытушылары   подполковник  Маматкалыков Ж., майор Жұмағұлов Д., капитан Ахметов Н.У., аға лейтенант Бекбосунов А.Қ он екі ғылыми жұмыс және екі оқу құралын дайындап, факультеттің «Дене тәрбиесі және спорт – салауатты өмір негіздерін қалыптастыру» атты Республикалық конференцияны жоғары деңгейде өткізуге атсалысты.

2004 - 2006 жылы кафедра меңгерушісі қызметін аға оқытушы Ахметов Н.У атқарды.

2006 - 2007 жылы кафедра меңгерушісі болып аға оқытушы Елубаев С.И атқарды.

2007-10 жылы кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к  доцент Сәдірмекова Ж.Б  атқарды. 

2010-13 жылы кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к Балабеков А . атқарды.                                   

2013-18 жылы кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к  доцент Демеуов А.Қ.

2018 жылдың ақпан айынан бастап кафедра меңгерушісі п.ғ.к. доцент Жанболатов С.

Жыл сайын 5В010400-«Бастапқы әскери дайындық»  мамандықтары бойынша жоғары білікті, бүгінгі қоғамға сай жоғары дәрежелі мамандықтарды дайындап келеді.

«Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша кафедра «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің құрамында жұмыс істейді. Қазіргі таңда жалпы кафедра бойынша студент саны 163. Бастапқы әскери кафедрасының оқытушы құрамы студенттердің қазіргі заман талабына сай студенттердің болашақ мұғалімдік қасиеттерін қалыптастыру жолында еңбек етуде. «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасында «Патриот» үйірмесі жұмыс жасайды, үйірме жетекшісі – аға оқытушы Елубаев С.И. Үйірме құрамында 20 мүше бар. Үйірме әскери-патриоттық тәрбие бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Үйірмеде рефераттар, студенттік баяндамалар жазу үшін оқу-әдістемелік әдебиеттерді таңдап алуға көмек беру мәселелері қарастырылады; конференциялар, байқаулар, семинарлар және басқа да ғылыми-танымдық мазмұндағы іс-шаралар туралы ақпараттар беріледі; ҰОС ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылады, студенттерді спорттық секцияларға қатысуға насихаттау жұмыстары  жүргізіледі. Студенттер институттың ЖҒК ұйымдастырған дәрістерге, «Жас ғалым мектебі» атты семинар-тренингтерге қатысып, педагогикалық зерттеулердің қазіргі таңдағы өзекті бағыттары жөнінде ақпараттар алып отыр.

2019 жылдың қыркүйек айында «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы мен «Дене тәрбиесі спорт ілімі мен әдістемесі» кафедрасы қосылып "Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі" деп аталды.

Кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты Балабеков А.Т. басқаруда.