Кафедра профессоры Калкабаева С.А. сайыста магистранттары «жоғары жетістікке қол жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін» ерекше дипломмен марапатталды.

Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының магистранттары Тастанбекова А., Абат Ш., «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен (Астана каласы) ұйымдастырылған, оқушылар мен студенттер арасында өткізілген «Жас ғалым» атты ІІІ Республикалық ғылыми жұмыстар сайысында «Қақтығыс жағдайларды шешу үдерісіндегі студенттер әрекетінің стратегиясы» атты жұмысы үшін I жүлделі орынға ие болды және  дипломдармен марапатталды. Магистранттардың ғылыми жетекшісі, кафедра профессоры Калкабаева С.А. сайыста магистранттары «жоғары жетістікке қол жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін» ерекше  дипломмен марапатталды.