Инклюзивтік білім беру – уақыт талабы

2015 жылдың 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласында ҚР ЖОО-ң инклюзивтік білім беру бойынша координаторларына арналған «ҚР ЖОО-ң инклюзивтік білім берудің даму жағдайы мен келешегі» атты семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке «Психология және дефектология» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. З.Қабылбекова қатысып «ЖОО жағдайында инклюзивтік білім берудің психологиялық-педагогикалық қолдауы» тақырыбында баяндама жасады және қатысушының арнайы сертификатына ие болды. Семинар аясында қатысушылар Анна Құдиярованың бастамасымен ашылған мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыс орны болып табылатын Тренинг-кафеге барып қайтты.