«Инклюзивті білім беру» семинар-тренингі

   4-8 желтоқсан күндері «Психология және дефектология» кафедрасының оқытушылары мен студенттері үшін инклюзивті білім беру бойынша семинар-тренинг өткізілді. Семинардағы лектор Абай атындағы ҚазҰУ-дің «Арнайы педагогика» кафедрасының оқытушысы, PhD докторы Л.Бутабаева болды. Семинар-тренингте инлюзивті білім берудегі әртүрлі тарихи және заманауи көзқарастар, инлюзивті педагогиканың модельдері мен принциптері, мүмкіндігі шектеулі балалардың түрлі категорияларымен педагогтардың жұмыс жасау ерекшеліктері талқыланып талданды. Семинар қорытындысында барлық қатысушылар арнайы сертификаттарға ие болды. Семинар ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен университетіміздің базасында ұйымдастырылған «Менеджмент және кадрларды даярлау саласындағы халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық мамандықтар бойынша отандық және шетелдік мамандардың оқытуы» бағдарламасы аясында өткізілді.