Индонезиядағы Макассар аралында өткен Азия Чемпионатында Үсенова Гульмира ІІІ орынға ие болды.

2016 жылдың 25-29 қараша жұлдызы аралығында Индонезия Макассар аралында Азия Чемпионаты өтті. Чемпионатта 38 мемлекеттен спорт шеберлері қатысты. 16-17 жастағы спорт шеберлері арасында 53 кг салмақта спорттың каратэ-до түрі бойынша «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы ФК-16-1к1 тобының студенті Үсенова Гульмира сайысқа түсіп ІІІ орынға ие болды.

1-кездесу Индия мемлекетімен 8-0 есебімен, 2-кездесу Япония мемлекетімен 2-1, 3-кездесу Йордания 5-0, 4-кездесу Филиппин 2-1, 5-кездесу Малайзия 1-0 есебімен жеңіске қол жеткізді.

Ендігі 15-20 желтоқсан аралығында Ақтау қаласында өтетін Халықаралық турнирде алтын медалінің иегері болуына тілектеспіз!!!