III жүлделі орын профессор Калкабаева С.А., оқытушы Жошыбекова Б.С.

«Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ПОҚ «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы (Астана каласы) ұйымдастырған «Білім берудің инновациялық әдістері мен технологиялары» атты қашықтықтан өткізілетін II Республикалық педагогтардың конкурсына қатысты.

Конкурс мақсаты: инновациялық қызметті ынталандыру, педагогтарды білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды белсенді пайдалануға уәждемелеу, білім беру жұмыскерлерінің тәжірибесін таныстыру және дәріптеу.

Конкурстың мәні: қолданылатын инновациялық білім әдістемелері және/немесе технологияларды сипаттау болып табылады.

Конкурстың қорытындысы бойынша комиссияның шешімімен  II жүлделі орын кафедра профессоры Калкабаева С.А., оқытушылар Камбарбеков Н.А., Джамбаева Л.С.  «Новые технологии интерактивного обучения в высшем образовании» атты жұмысы үшін,

III жүлделі орын профессор Калкабаева С.А., оқытушы Жошыбекова Б.С. «Биологияны оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану» атты жұмысы үшін беріліп, дипломдармен марапатталды.