ІХ - ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА қорытындысы.

     Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Петропавл қалаларында спорттың 34 түрінен еліміздің ЖОО студенттері арасында ІХ - ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА өтті. Осы үлкен додаға университетіміздің 500-ге жуық студенттері қатысып, басым көпшілігі жүлделі орындарға ие болды.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен армрестлинг (қол күресі) спортының қорытындысы бойынша ЖОО арасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ жалпы командалық есеп бойынша 100-ден астам ұпаймен 11 медальдің ішінде 9 алтын және 2 күміс медальмен марапатталды. Жемісті жеңіспен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!