Халықаралық білім беру көрмесі.

Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ұйымдастыруымен 2018 жылғы 15-16 қараша күні Шымкент қаласы, "Rixos Khadisha" қонақ үйінің мәжіліс залында "International Educational Fair 2018-2019" халықаралық білім беру көрмесі болды.

Халықаралық білім беру көрмесіне білім саласындағы әлемдік сарапшылар, әлемнің 40 елінен шетелдік 200 ге жуық университет, оның ішінде жетекші университеттер (АҚШ, Ұлыбритания, құрлықтық Еуропа, Азия және ТМД) жоғарғы оқу орындарын, тілдік мектептердің, білім беру агенттерінің өкілдері қатысты.

"International Educational Fair 2018-2019" халықаралық білім беру көрмесінде "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің студенттері Польша, Франция, Ресей, Туркия сияқты мемлекеттердің ЖОО-на қызығушылық танытып, сол елдерде оқуларын жалғастыратындығы туралы келісім шарттарға қол қойды.