Хабарландыру

Магистратура         
6М050300 – «Психология» мамандығы
Оқу мерзімі: 2 жыл
Бағыты: ғылыми-педагогикалық
Академиялық дәрежесі: 6М050300 – «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі
6М050300 – «Психология» мамандығы
Оқу мерзімі: 1,5 жыл
Бағыты: кәсіптік
Академиялық дәрежесі: 6М050300 – «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі
6М050300- «Психология» мамандығы бойынша магистр дәрежесі тереңдетілген ғылыми психологиялық біліммен қамтамасыз етеді. 6М050300- «Психология» мамандығы бойынша магистратураға бакалавр бағдарламасының түлектері мен дипломы бар психолог мамандарының түсуге мүмкіндіктері болады.
6М050300- «Психология» мамандығы бойынша оқып жүрген магистранттар 3 тілде білім алады. Сол үшін «6М050300-Психология» мамандығы бойынша магистратурасында білім алу үшін талапкер міндетті түрде шет тілін білуі тиіс.
Қазіргі кезде магистранттарға кез келген шетел ЖОО-да білімін арттыруға мүмкіндік берілуде. Осыған орай академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кез келген шетел ЖОО-ның психология бөлімінде 1 семестр бойы магистранттар білім ала алады. Магистр психолог маманын дайындауда ғылыми –зерттеу іс-тәжірибе мен педагогикалық іс-тәжірибе маңызды болып табылады.
Бізде магистранттар шет елдерде іс-тәжірибеден өтеді. Әлемнің жетекші ЖОО келісім шарттар жасалған:
•Ғылыми ақпараттық және біліктілікті жоғарылату бойынша халықаралық орталық (Дюссельдорф қаласы, Германия);
•Ғылыми ақпараттық және біліктілікті жоғарылату бойынша халықаралық орталық (Лейпциг қаласы, Германия);
•Еуропаның ғылыми қоғамы (Ганновер қаласы, Германия);
•К.Нияз атындағы Өзбекстан ғылыми-зерттеу педагогикалық институты (Ташкент қаласы, Өзбекстан);
•«Азаматтық Алъянс» (Шымкент қаласы, Қазақстан);
•Еуроазиялық практикалық психология және психотерапия институты (Шымкент, Астана қалалары, Қазақстан);
•«Өрлеу» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы (Шымкент қаласы, Қазақстан);
•«Св.Кл.Охридский» атындағы София университеті; Болгария қаласының ІІБ Академиясы (Банкя қаласы, Болгария Республикасы).
6М050300- «Психология» мамандығы бойынша магистратура бітірушілері кез келген салада қызмет көрсете алады:
•ЖОО-да психология пәні оқытушысы ретінде;
•Ғылыми зерттеу орталықтарында психолог-ғылыми зерттеуші ретінде; 
•Психологиялық зертханаларда ғылыми жұмыс атқарушы ретінде; 
•Практик психолог;
•Құқық қорғау салаларында психолог;
•Фирмалар мен ұйымдар персоналында психолог;
•Әлеуметтік қызметтерде психолог;
•Медициналық мекемелерде психолог;
•Психологиялық түзету және психотерапия орталықтарында психолог;
•Білім беру және денсаулық сақтау саласы бойынша мемлекеттік басқару органдарында психолог;
•Мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру мекемелерінде психолог;
•Кәсіптік бағыттау және кәсіптік оқыту орталықтарында психолог;
•Спорттық ұйымдарда психолог;
•Арнайы мекемелерде жасөспі­рімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу орталықтарында психолог маманының жұмы­сын атқара алады.
Психолог магистрлерін дайындауда кафедра профессорларымен қатар шет елдерден шақыртылған ғалымдар дәріс береді. Дәріс беретін шет елдік ғалымдар: психология саласы бойынша доктор PhD, профессор Н.Б.Михайлова (Германия)., медицина ғылымдарының докторы, профессор Г.В.Тыминский (Германия)., Психология саласы бойынша доктор PhD А.И.Клюева (Германия)., психология ғылымдарының докторы, профессор Б.Г.Гончевский (Болгария) т.б. Оқу ақысы 400 000 теңге.

 

 

   Құрметті талапкерлер сіздерді магистратура бойынша 6М050300 –«Психология» мамандығын таңдауға шақырамыз. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, н/ү М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Дене тәрбиесі және спорт факультеті, №7 оқу ғимараты, 2 этаж 222 кабинет Тел: 872 52 21 34 50; 8702 960 76 60