Хабарландыру

Назар аударыңыз! Талапкер-2018.

Кафедра екі мамандық бойынша бакалавр даярлайды:

5В010300 – «Педагогика және психология» және 5В010500 – «Дефектология».
Мамандықтары туралы қысқаша мәлімет:
Мамандануы бакалавр.
 Оқу мерзімі - 4 жыл.
  Мамандық білім беру жүйесінде педагогикалық, оқу-тәрбиелік, ғылыми әдістемелік, ғылыми – зерттеушілік, ұйымдастырушылық-басқарушылық және білім саласындағы кәсіпкерлік қызметтер үшін даярланады.
    Қызмет ету салалары: мектепке дейінгі оқыту, мектеп, орта арнаулы білім беру мекемелері, (колледж, институт) фирмалар, мемлекеттік білім беру мекемелері.
      5В010500 – «Дефектология» мамандығы және қысқаша мәлімет
      Мамандану: бакалавр
     Оқу мерзімі – 4 жыл
       Мамандар мемлекетті және жекеменшік жалпы білім беру мекемелерінде арнайы мектепке дейінгі және мектепте, реабилитациялық орталықтарда, түзету кабинеттерінде, ерте көмек көрсету кабинеттерінде, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау мекемелерінде ғылыми – зерттеу ұйымдарында қызмет ету үшін даярланады.
Қызмет ету салалары: арнайы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде түзету білім беру, тәрбие процестері.
   Біздің түлектердің кәсіби қызмет объектілері мемлекеттік және жекеменшік жалпы білім беру мекемелері, арнайы мектепке дейінгі және мектеп мекемелері, реабилитациялық орталықтар, түзету кабинеттері, әлеуметтік қолдау және денсаулық сақтау мекемелері, ғылыми зерттеу ұйымдарында қызмет етуге мүмкіндік береді.