Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

   Кафедраның басты ғылыми зерттеу жұмысы «Жаңа оқыту аймағында болашақ психологтар мен дефектологтарды кәсіби даярлаудың теориялық және методологиялық негіздері» тақырыбы бойынша біздің әріптестеріміз ғылыми мақалалар, баяндамалар, оқулықтар және оқу - әдістемелік құралдарды жариялап отырады.

   Білім беру жүйесінде инновациялық психотехника және психологиялық технологияларды қолдану мәселесі бойынша кафедра конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, сонымен қатар таным процестерінің қалыптасуына, дамуына, жеке тұлғаның эмоциялық - қайраттың дамуына, этникалық толерантты және жан - жақты даму бағытында психологиялық тренингтер жүргізеді.

   Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына жетекшілік жасайды, олардың жетістіктері әр жылы өтетін студенттік ғылыми конференцияның еңбектер жинағында жарық көреді.

   Ғылыми бағыттары мен жұмыстары          

   Кафедра оқытушылары оқыту үрдісінде төмендегідей инновациялық психотехникалық және психотехнологиялық әдістерді кеңінен қолданады, олар: гештальт - терапия, арт-терапия, дене бағдарлау психотерапиясы, ертегі терапиясы, Келли психоролдік элементтер терапиясы, саяси-психологиялық тренингтер, жеке тұлға дамуындағы тренингтер, ырғақты педагогикалық және релаксациялық технологиялар. Сондай-ақ оқытушылар интерактивті оқыту әдістері мен интерактивті тақтаны пайдалана отырып сабақ өту мүмкіндіктеріне ие.

     Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына жетекшілік жасайды, олардың жетістіктері әр жылы өтетін студенттік ғылыми конференцияның еңбек жинағында жарық көреді. Кафедрада «Жас психолог» және «Жас дефектолог» үйірмелері жұмыс атқарады.  Педагогика және психология,  Дефектология  мамандықтарының студенттері жыл сайын Республикалық олимпиядаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. 

«Психология және дефектология» кафедрасының студенттері республикалық пәндік олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары