Ғылыми көзқарас

24 қараша күні өткізілген факультеттік студенттердің ғылыми конференциясында «Психология және дефектология» кафедрасының мамандықтарында даярланатын студенттер де белсене қатысты. Олардың ұсынған ғылыми баяндамаларында психолого-педагогикалық және дефектологиялық зерттеулер аясында көптеген өзекті мәселелер қамтылды. Конференция қорытындысы бойынша үздік ғылыми баяндамалары үшін студенттер грамоталармен марапатталды.