ФК-16-1р2 тобы, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті Сабина Аширбаева "Miss Valentine" Халықаралық турнирінде алтын медалға ие болды.

2017 жылдың 9-12 ақпан аралығында Эстонияның Тарту қаласында гимнастикадан "Miss Valentine" Халықаралық турнирі өтті. Турнирде Қазақстан, Эстония, Ресей, Украина, Беларусия, Италия, Финляндия, Канада, АҚШ, Кипр, Греция, Мексикя, Япония, Латвия, Литва және басқа мемлекеттерден гимнастика шеберлері қатысты. Өткен Халықаралық турнирде Сабина Аширбаева  алтын медалға ие болды.

Сабинаны жеңісімен құттықтап, жеңіс шыңдарынан көріне беруіне тілектеспіз!