ФК-16-1к3 тобының студенті Мелдебек Данияр «Спорт шебері» атағына ие болды!

2017 жылдың сәуір айының  9-11 жұлдызы аралығында Атырау қаласында Қазақстан Республикасының IV жастар спорттық ойыны өтті. Ойында спорттың еркін күрес түрі бойынша ФК-16-1к3 тобының студенті Мелдебек Данияр 2-орын алып, «Спорт шебері» атағына ие болды.