ФК-14-1к2 тобының студенті Жанбота Алдабергенова тағы да Еуропа кубогының чемпионы атанды.

Наурыз айының соңында Швейцарияның Айроло қаласында фристайл-акробатика спортынан Еуропа кубогы өтті. Жарыстың алғашқы күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студенті Жанбота Алдабергенова жекелей сында чемпион атанды. Екінші және үшінші орындарды тиісінше Америка мен Украина спортшылары иеленді. Естеріңізге сала кетейік, Жанбота Алдабергенова былтырғы маусымда Еуропаның абсолютті чемпионы атанған болатын.

ЖЕМІСТІ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!