Еуропа кубогында Абдурахманов Бақытжан 3-орын алды!

2018 жыл маусым айында Австрияның Лейбниц қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтіп жатыр. Жарыстың бірінші күнінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ, "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің студенті Бақытжан Абдурахманов 66 кг салмақта сайысқа түсіп, қола медалін жеңіп алды. Ескере кетейік, кубокта 39 ел ішінде Қазақстан құрамасы 7-орынға жайғасты.