Елбасымыз "Көктем шуағы" атты дәстүрлі іс-шара аясында әйелдерді құттықтады.

Елбасымыз атап өткендей, ҚР бар жетістіктері әйел азаматтардың белсенді қатысуымен қолжетімді болды.

Мемлекет басшысы Нұрсултан Назарбаев "Көктем шуағы" мерекелік іс-шара аясында Қазақстан әйелдер қауымын 8-наурыз мейрамымен құттықтады.
 
Елбасымыз мемлекетіміздің дамуында Қазақстан әйелдерінің ролі жайлы айта отырып, оларға денсаулық пен махаббат, отбасылық тыныштық пен үлкен жетістіктер тіледі.

Нұрсултан Назарбаев бұл кездесуде түрлі мамандық өкілдері отырғанына назар аударды.  

"Сіздердің араларыңызда – көп балалы аналар, кәсіпкерлер,  әскери мамандар, ғалымдар, дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт қайраткерлері, журналисттер отыр. Тәуелсіздіктің барлық жылдарында әйелдер менің ең сенімді тірегім болды. 25 жыл бойы жетіскен жетістіктеріміз сіздердің белсенді қатысуларыңыздың арқасында қолжетімді болды. Сіз - біздің қоғамда бірлік, шығармашылық пен тұрақтылықтың жаршысысыз», - деді мемлекет басшысы.

 Шақырылған қонақтар қатарында біздің университетіміздің «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің 2- курс студенті, ауыр атлетика бойынша ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Жазира Жаппаркулде болды. Шетел мемлекеттерінде Еліміздің намысын қорғайтын танымал спорт шеберлерінің жетістіктерін Елбасымыз біраздан бері байқап келетін көрінеді. Нұрсултан Назабаев, Қазақстан Республикасының Президенті- еш уақытта оның немен айналысып жатқанын білмейсіз. Ол ауыр атлетика чемпионы, жастар арасындағы олимпиада чемпионы және соңғы екі әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сен Риоға да баратын шығарсың, деп мемлекет басшысы жаңа табыстар тіледі.