Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студенттерге насихаттау мақсатында кездесу өтті.

     2018 жылдың 30-қаңтар күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 7-ғимараттың акт залында «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студенттеріне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы 10 маңызды басымдықтарды қолдау мақсатында насихаттау жұмыстары жүргізілді. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы»нан келген мамандар баяндама жасады.