«Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің ұйымдастыруымен кездесу өтті.

   2018 жылдың 20-сәуір күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 7-ғимаратының акз залында «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің ұйымдастыруымен дінтанушы мамандар және студенттер арасында кездесу өтті. Кездесу экстремизм және терроризмнің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған болып, студенттердің қызытырған сұрақтарына Дін мәселелерін зерттеу орталығы директоры орынбасары, дінтанушы мамандар Бесбаев Мәди және Алиакбарұлы Ұлықбек мырзалар жауап берді.