«Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің түлегі Қайрат Ералиев бокстан әлем чемпионы атанды.

     2017 жылдың 2-қыркүйегінде Германияның Гамбург қаласында бокстан Әлем чемпионаты өтті. 56 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен – М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің түлегі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері - Қайрат Ералиев алтын медальға қол жеткізді. Дәл осы чемпионаттың 49 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен - М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің түлегі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – Жомарт Ержан қола медальға қол жеткізді.

    Жеңістеріңіз құтты болсын!