«Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студенттері ХІХ жазғы Универсиадада жүлделі орындарға ие болды.

     2017 жыл қазан айының 17-22 жұлдызы арлығында Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы ХІХ жазғы Универсиадасы өтті. Универсиадада М.Әуезов атындағы ОҚМУ-і «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студенттері белсенді түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

     Атап айтар болсақ, каратэ-додан 56 кг салмақ бойынша Үсенова Гульмира ІІ орын, бокс бойынша 75 кг салмақта Наурызбай Қажыхан ІІІ орын, 64 кг салмақта Темірхан Бауыржан ІІІ орын, садақ ату бойынша Асқарова Қаракөз және Х.Сайфулла ІІ орындарға ие болды.

    23-28 қазан 2017 жыл Тараз қаласында өткен жарыста қол күресі бойынша 63 кг салмақта Көшкенбек Нұрдәулет ІІ орын алды.

      Жеңістеріңіз құтты болсын!