«Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студенті Жанбота Алдабергенова Пхёнчхан -2018 олимпиадасына лицензия жеңіп алды.

   23 қаңтар күні  Алматыда Пхёнчхан (Оңтүстік Корея)да өтетін қысқы олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасын ресми түрде шығарып салу рәсімі өтті.

   Салтанатты шараға шаңғы жарысы, биатлон және фристайл бойынша олимпиаданың алдында Қазақстанда іріктеуден өтіп жатқан спорт шеберлері қатысты. Қазақстан құрамасының атынан М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студенті Жанбота Алдабергенова болды (акробатика).

   Пхёнчхане қаласында өтетін Олимпиада 9-25 ақпан аралығында екі кластерде орналасқан 12 спорттық нысандарда өтеді.