"Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің студенті Шаукатов Жавлан әлем чемпионы атанды!

23-28 сәуір аралығы ОАР  Почефструм қаласында спорттың пауэрлифтинг түрі бойынша жарыс өтті. Турнир кестесіне сәйкес, 20-жастағы спор шебері, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің студенті Шаукатов Жавлан 83 кг салмақта жасөспірімдер арасында сайысқа түсіп, өзінің қарсыластары болған Ресейлік Евгения Вахрушева және Жапониядан келген спортшы Ишизаки Татсумилерді жеңіп әлем чемпионы атанды.

Жеңіс құтты болсын, Жавлан!