«Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студенті Н.Есенгелді қос жеңіске ие болды!

    15-17 қазан 2017 жыл Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы чемпионаты өтті. Чемпионатта М.Әуезов атындағы ОҚМУ-і, «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студенті Н.Есенгелді 90 кг салмақта 1-орын алды.  Ол 2017 жылдың  9-11 қазан аралығында Талдықорған қаласында өткен Қазақстан Республикасы ХІХ жазғы универсиадасында 100 кг салмақта сайысқа түсіп, 3-орын алған болатын.

   Жеңіс құтты болсын Есенгелді!