«Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студенті Мелдебек Данияр турнирде 2-орын алды.

    2017 жыл 5-6 қазан аралығында Талдықорған қаласында мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваны еске алуға арналған ерлер және әйелдер арасында еркін күрестен республикалық турнир өтті. Турнирде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-і, «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студенті Мелдебек Данияр 86 келі салмақ дәрежесінде 2-орын алды.

     Жеңіс құтты болсын!