«Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студенті Дина Исламбекова әлем чемпионатында 2-орынға ие болды!

        2017 жыл қараша айының 19-26 жұлдызы аралығында Үндістанның Гувахати қаласында әйелдер арасында бокс бойынша Әлем Чемпионаты өтті. Чемпионатқа 23 мемлекеттен 186 спортшы қатысты. Чемпионатта М.Әуезов атындағы ОҚМУ-і, «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студенті Дина Исламбекова 81 кг салмақта 2-орынға ие болды.

       Жеңіс құтты болсын Дина!