“Дене тәрбиесі және спорт” факультетінің студенті Бөлен Еркінбек қос жеңіспен оралды
М.Әуезов атындағы ОҚМУ -ң “Дене тәрбиесі және спорт” факультетінің, “Дене шынықтыру және спорт” мамандығының 2 курс студенті Бөлен Еркінбек Қызылорда облысында өткен қазақ күресінен балалар, жасөспірімдер және жастар арасындағы “Жас Барыс” республикалық турнирінде 74кг салмақ дәрежесінде бақ сынасып, 2-жүлделі орынға ие болды.
Сонымен қатар, қазақ күресінен еңбек ардагері Машбек Налібаевты еске алуға арналған Қазақстан Республикасы чемпионатында Еркінбек өзінің үздік екенін тағы да дәлелдеп, 74кг салмақ дәрежесінде 1-жүлделі орынға ие болды. Аталмыш сайысқа Республикамыздың 16 облысының спортшылары қатысты.