«Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы Республикалық пән олимпиадасында 3-орынды иеленді.

    30-31 наурыз аралығында Қарағанды қаласында Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік Университетінде Республикалық пән олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 12 команда қатысты. ОҚМУ студенттері олимпиада барысында өздерінің теориялық білімдерінің жоғары деңгейін, тәжірибелік машықтары мен шығармашылық идеяларын көрсете білді.

Команда жетекшісі: Бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы- А.Бекбосуновқа да құттықтау жолдаймыз!