«Дене тәрбиесі және спорт» факультеті деканы, профессор А.А.Жолдасбеков пен белсенді студенттердің ұйымдастыруымен «Жастардан жылулық» атты жәрмеңке өтті.

Жыл сайын өткізілетін «Жастардан жылулық» атты бастама аясында «Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған», «Қарттарын аялаған ел ардақты» және «Біз біргеміз» атты тақырыпта жетім балалар үйіне, сонымен қоса қарттар үйін азайту мақсатында, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүзіне қуаныш сыйлау үшін 1 курс студенттерімен жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеге спорт шебері, олимпиада жеңімпазы Б.Жақып, университет түлектері, қонақтар, оқытушы профессор құрамы өз үлестерін қосты. 

«Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің студдеканы Төлеген Жандаулет, спорт шебері,олимпиада жеңімпазы Біржан Жақыпов мырза және де белсенді жастар  «Жастардан жылулық» атты бастама аясында «Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған» тақырыпта  Төлеби ауданы №2 балалар үйіне барып, тамаша көңіл-күй сыйлап, өз жылулығымен бөлісіп, сонымен қатар көптеген сыйлықтар таратып  қайтты.