Дефектология мамандығы бойынша Республикалық олимпиада

   2019 жылдың 5-6 сәуір күндері Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 5В010500 - Дефектология мамандығы бойынша  Қазақстандағы ЖОО-нан 17 команда қатысқан Республикалық пәндік студенттік олимпиада өтті. «Психология және дефектология» кафедрасының аға оқытушысы С.Қалыбекова жетекшілік жасаған оқу орнымыздың «Күншуақ» командасы өздерінің  теориялық білімдері, тәжірибелік дағдылары және шығармашылық идеяларын жоғары деңгейде көрсете біліп жүлделі 3-орынға ие болды. Біз команданы жетістіктерімен құттықтай отырып алдағы уақытта тек жеңістер тілейміз.