Чирюкин Никита алтын медаль жеңіп алды.

2019 жыл қараша айының 3-14 жұлдызы аралығында Доха қаласында (Қатар) спорттың стендтік ату және оқ ату түрлері бойынша XIV лицензияланған Азия чемпионаты өтуде. Чемпионатта М.Әуезов атындағы ОҚМУ, "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің студенті Чирюкин Никита жасөспірімдер арасында "МП-10" жаттығуы бойынша алтын медаль жеңіп алды. 587 ұпаймен Чирюкин Никита ҚР жасөспірімдер арасында жаңа рекорд орнатты.

Жеңіс құтты болсын, Никита!