Бейнелеу өнері мұражайына экскурсия

2015 жыл – Ұлттық тарихымызды ұлықтау жылы, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтіп отырмыз. Бұл жас буын өкілдерінің бойында отансүйгіштік сезім мен елжандылық қасиетті қалыптастыратыны сөзсіз. Осы мақсатта «Психология және дефектология» кафедрасының оқытушысы А.Сарипбекованың тәлімгерлік ұйымдастыруымен ФК-14-3к2 тобының студенттері Шымкент қаласындағы Бейнелеу өнері мұражайына танымдық экскурсия жасады. Студенттер мұражай залына қойылған Батухан Байменовтың шығармашылығымен, сонымен бірге ОҚО өнер шеберлерінің еңбектерімен танысты. Авторлардың көптеген жұмыстары Ұлы дала мен халық тарихына арналған. Келешек психологтар суретшінің идеялық мазмұнын айқындап, әрбір туындының ішкі ойы мен мағынасын ашып түсінуге тырысты.