Ауқымды спорттық бәсеке басталды

17 қыркүйек күні «Психология және дефектология» кафедрасының 1,2,3 курс студенттері Ұлттық студенттер лигасының минифутбол бойынша күзгі ойындардың ашылу құрметіне орай ұйымдастырылған ауқымды спорттық шараға белсенді қатысты. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов қатысты. «Психология және дефектология» кафедрасының студенттері ойынға қатысушы өкілдер ретінде ұлттық киім үлгілерімен көрініп, команда ойыншыларына жанкүйерлік қолдау көрсетті.