Ашық сабақ

ФК-12-2р тобында «Психология және дефектология» кафедрасының оқытушысы А.Т.Сарипбекованың жүргізуімен «Мүмкіндігі шектеулі балаларға емдік дене тәрбиесін оқытудың арнайы әдістемесі» пәнінен ашық практикалық сабақ өткізілді. Сабақ барысында студенттер «БСА түрлері, себептері және салдары», «БСА-ға арналған емдік құрал-жабдықтар», «БСА-дағы емдік массаж» тақырыптары бойынша презентациялары көрсетілді. Сонымен бірге студенттер БСА-ның жеңіл түріндегі балалармен жұмыс жасауда қолданылатын кешенді түзету жаттығуларын көрсетті. Студенттер сабақта емдік дене тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін меңгерудегі практикалық дағдыларын көрсете білді.