Алматыда өтіп жатқан Универсиадада әйелдер арасындағы фристайл-акробатика аяқталды.

    30.01.2017 г. Алматыда өтіп жатқан Универсиадада әйелдер арасындағы фристайл-акробатика аяқталды.

   Байқаудың шешуші кезеңінде екі қазақстандық қатысты:

   Жанбота Алдабергенова (ОҚМУ) және  Жібек Арапбаева (ОҚМУ), сонымен қатар белорусиялық Вера Ляшкевич және ҚХР өкілі Чжу Иньинь.

   Финал қорытындысы бойынша бірінші орын және алтын медальға қытай спортшысы ие болды, ал Жібек Арапбаева және Жанбота Алдабергенова, тиісінше, екінші және үшінші орындарға ие болды.

Қысқы Универсиада-2017, Алматы (Қазақстан).

Фристайл. Акробатика. Әйелдер. Суперфинал.

1. Чжу Иньинь (Қытай)-64.09

2. Жібек Арапбаева (Қазақстан)-60.84

3. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан)-60.48